• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Deutsch
  • Белару́сский
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

Аударма

 «GMC Translation Service» Аударма орталығы мәтінді аударуға мамандандырылған.

Біз қысқа мерзімде кішігірім мәтіндерді де, аптасына 5000 беттен асатын күрделі техникалық аударманы да жасаймыз.

Кез келген тақырыпта күрделі және ауқымды мәтінді кәсіби аудару біздің бюромыздың ерекшелігі болып табылады.

Бұл аудармашылар мен редакторлар лауазымына көптеген үміткерлер арасынан іріктеліп алынатын біздің қарауымыздағы сенімді әрі сауатты жоғары білікті мамандар командасының  арқасында мүмкін болды.

Бүгінгі таңда біздің қолымызда әлемнің көптеген тілдеріне және тілдерінен тамаша үлгілі мәтіндер аудармасын жасауға мүмкіндік беретін ресурстар бар.

Біз клиенттерімізге жазбаша әрі ауызша аударма саласында қызметтерді қуана ұсынатынымызды атап өткеніміз абзал, бұл ауызша және жазбаша аудармаға маманданған аудармашылардың бар болуынан туындап отыр.

Біздің Орталықта тапсырысты қалдыра отырып, Сіз:

  • уақыт үнемін;
  • оңтайлы мерзімде нәтижеге кепілдікті;
  • Сіздің жеке міндеттеріңіз бен бизнес-процестеріңізге сай бейімділікті;;
  • жұмыс кезеңінің барлық сатыларында сапаның бақылауын ала аласыз.

«GMC Translation Service» Аударма орталығы көп жылғы сәтті жұмысы барысында келесідей тақырыптар мен қызметтер бойынша құнды тәжірибе жинақтады:




  • МҰНАЙГАЗ АУДАРМАЛАРЫ
    Мұнайгаз тақырыбындағы аудармалар аудармалардың аса күрделі және шектеулі мамандықты түрлеріне жатады. Мұнайгаз тақырыбындағы аудармаларын мұнай өндіру экономикасын, аталған саланың сақтандыру және қаржы мәселелерін білмей жоғары деңгейде орындау мүмкін емес. Біздің мамандарымыз көптеген жылдар бойы мұнайгаз тақырыбындағы мәтіндерінің ауызша және жазбаша сапалы түрде аударады. Аталған салада жеткілікті тәжірибе мен білімдерге ие болып, «GMC Translation Service» аударма отралығының қызметкерлері кез келген қиындықтарды табысты түрде жеңіп келеді.
  • ТЕХНИКАЛЫҚ АУДАРМАЛАР
    Техникалық мәтіндер аудармасының өз ерекшеліктері бола тұра, жазбаша аударманың ең күрделі түрі болып табылады. Техникалық құжаттаманың сауатты аудармасы сәйкес лексика мен терминологияны еркін меңгеруді ғана емес, түпнұсқа мәтінінде мазмұндалған үдерістер мен жүйелер жөнінде нақты түсінік болғанын талап етеді. Техникалық мәтіндер аудармасы ғылыми-техникалық терминология мен арнайы лексиканың қолдануын тұспалайды. Біздің техникалық аудармашыларымыз әр түрлі техникалық тақырыптардағы мәтіндермен жұмыс тәжірибесіне ие, осыған орай техникалық аударманың жоғары сапасы мен уақытылы орындалуы қамтамасыз етіледі.
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ АУДАРМАЛАР
    Біз медициналық тақырыпта, дәрізаттар нұсқаулықтарынан, ғылыми мақалалар мен монографияларға дейін кез келген қиындық деңгейіндегі мәтіндер аудармасын орындаймыз. Кәсіби аудармашылар мен редакторлардың жоғары медициналық білімі мен медицинаның әр түрлі саласындағы жазбаша аудармалардағы мол тәжірибесі бар. Нақты бір тапсырыстың ерекшелігіне байланысты, біз сәйкес медициналық мамандануы мен тиісті саладағы аудармалар тәжірибесі бар аудармашылар мен редакторларды таңдаймыз. Кәсіпқойлық пен жинақталған тәжірибеге үйлескен сапаның қатаң бақылауына орай біз кез келген жобаның сауатты, білікті аудармасын қамтамасыз ете аламыз.
  • ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАРМАЛАР
    Экономикалық тақырыптағы мәтінді аудару - аудармашыдан арнайы білімдерді талап ететін аударманың ерекше түрі. Экономикалық аударманы экономикалық теория негіздерін білмей, арнайы экономикалық терминологияны түсінбей сауатты түрде орындау мүмкін емес. Осындай материалдарды аудару аудармашылардан ең алдымен жеке екершеліктеріне көңіл бөліп, назар салу қабілеттілігін, жоғары жауапкершілік пен аударманың аталған саласындағы құзыреттілігін талап етеді. Деректемелер мен сандарға ықыласпен қарау, терминология мен түпнұсқа нысанын нақты түрде сақтау, құжаттаманың үлкен көлемдерімен көп және ұқыпты еңбекті талап ететін жұмыс - экономикалық аударманың негізгі ережелері. Біздің «GMC Translation Service» аударма орталығының қызмет уақыты бойынша аталған тақырыптағы мамандырылған мәтіндермен жұмыстың бағасы жетпейтін тәжірибесі жинақталған.
  • ЗАҢИ АУДАРМАЛАР
    Біз клиенттерімізге заңи құжаттардың тіл аудармаларын ұсынамыз. Көпжылдық тынбайтын жұмыс арқылы біз көптеген халықаралық заңи фирмалардың, адвокаттар алқаларының, бюро, сондай-ақ ірі компаниялар мен шетел ұйымдар өкілдіктерінің заңи бөлімдерінің сеніміне бөліндік. Олардың жоғары сенімін ақтау үшін, біз бар күшімізді салудамыз. Біздің қызметкерлеріміздің заңи білімдері мен мол жұмыс тәжірибесі бар. Шетелде қолдануға жататын заңи құжаттардың аудармасы клиенттің қалауы бойынша тіл иеленуші арқылы тексеріле алады. Біз сіздерге аударма қызметтерімізді кез келген мерзімде тиімді бағамен ұсынуға қуаныштымыз.
  • ЖЕКЕ ҚҰЖАТТАР
    Жеке құжаттардың жазбаша аудармасы, стандартты аударма мен тіл иеленуші жасаған аудармамен қатар, «GMC Translation Service» Аударма орталығы өз клиенттеріне ұсынатын жазбаша аударма қызметтерінің бір түрі болып табылады. Жылдар бойы жинақталған білім мен тәжірибеміз жеке құжаттармен жүргізілетін жұмыстың барлық ерекшеліктерін біліп, клиенттерге жай ғана аударма емес, құжаттардың сәйкес орынға ұсыну үшін толық дайындалуын қамтамасыз етеді. Біз жеке құжаттар аудармасының сапасына, құпиялылық пен уақытылы орындалуына кепілдік береміз.
  • WEB-САЙТТАР
    «GMC Translation Service» аударма орталығы веб-сайттар аудармаларын 127 аса шетел тілінен және шетел тілдеріне орындайды. Бұл қызмет түрінің өз ерекшелігі бар. Сайттарды аударған кезде аудармашы алдында алуан түрлі мәселелер туындау мүмкін: мысалы, жарнамалық және көркем мәтіндерге тиесілі бірегей стилін беру, немесе техникалық ақпаратты аудару. Сапаға қойылатын талаптар өте жоғары болады. «GMC Translation Service» Аударма орталығы сайтты шектеу, сонымен бірге сайттың құрамын қандай болсын браузерде дәл көрсету үшін шектелген сайттың халықаралық іздестіру жүйелері мен кодтау жүйелеріне оңтайландыру бойынша барлық жұмыстар циклін орындайды.
  • НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРУ
    «GMC Translation Service» аударма орталығы жеке және заңды тұлғалар үшін әр түрлі құжаттардың: азаматтардың жеке құжаттарының және заңды тұлғалар құжаттарының нотариалды куәландыруын орындайды. Құжаттардың нотариалды куаландыруы әдеттегідей және жеделдетілген режімде орындалу мүмкін. Аударма біздің «GMC Translation Service» аударма орталығымыздың кәсіби аудармашыларымен жасалып, содан кейін нотариус аудармашы қолының және құжаттан жасалған фотокөшірменің дәлдігін куәландырады. Нотариалды куәландыру біздің аудармашыларымыз бен нотариус арқылы ҚҰЗЫРЕТТІ, ТЕЗ әрі САУАТТЫ түрде орындалады.
  • СИНХРОНДЫ АУДАРМА
    Ұлтаралық келіссөздердің, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен басқа шаралардың табыстылығы аудармалар сапасына байланысты болатыны мәлім. «GMC Translation Service» аударма орталығының ауызша және синхронды аудармашылары Сіздің кез келген тапсырысыңызды сапалы түрде орындайды. Өз жұмысына біздің мамандарымыз жоғары жауаптылықпен қарайды. Мысалы, аудармаға байланысты қызмет саласын, аудиторияны, терминологияны, тілдің диалекттік ерекшеліктерін зерделейді. Бұған қоса, олар іскер адамның тәртіп, әдеп ережелерін сақтайды, олар өзін ұсыну дағдыларына ие: тыңдаушылардың өзіне және аударма жасалатын серіктеске деген тілектес қатынасын құрады.
  • МУЛЬТИМЕДИА
    Біздің компаниямыз бейне (кез келген тұрпаттағы) және аудио материалдарының аудармасын іске асырады.
  • ЖЕДЕЛ АУДАРМАЛАР

    «GMC Translation Service» аудармалар орталығында Сіз қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан әлемде қажетті қызметті- жедел аудармаға тапсырыс бере аласыз. Біз қандай болсын қиындық деңгейіндегі материалдың шетел тіліне және шетел тілінен аудармасын клиентке ыңғайлы кез келген мерзімде орындаймыз!

    Шағын құжаттарға арналған жедел аударма мерзімдері:

    30 минут ішінде!!!
    1 сағат ішінде!!
    Күнбе күн!

    «GMC Translation Service» аударма орталығы ЕҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ төменгілерді орындайды:

    Нотариалдық куәландыру
    Жария ету
    Құжаттарды апостильдеу
    Сіз тапсырысыңыздың уақытылы әрі сапалы орындалатынына сенімді бола аласыз.
  • ВЁРСТКА

    Біздің компаниямызPageMaker, InDesign, FrameMaker тұрпаттардағы материалдар беттеуін орындайды. Беттеу бастапқы тұрпаттарда орындалып, немесе түпнұсқалар негізінде қағазды түрде "қалпына келтіріліп", немесе pdf тұрпатында орындалу мүмкін. Жұмыстардың сәйкес түрлері баспаханаларда жұмыс тәжірибелері бар кәсіби беттеушілермен орындалады.

  • АПОСТИЛЬ
    Елдердің бірқатары құжаттар заңдастырудың оңайлатылған тәрітібі туралы келісім қабылдады. Бұл келісім 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясы деп аталады, ол шетел ресми құжаттарын заңдастыру талаптарын жояды. Оңайлатылған заңдастырудың барлық тәртібі екі кезеңнен тұрады:
    1) құжат пен оның аудармасын нотариуспен куәландыру және,
    2) уәкіл етілген әділет органынымен куәландыру.
  • ЛЕГАЛИЗАЦИЯ
    Заңдастыру – бұл мемлекет билігінен шыққан немесе сол биліктің қатысуымен құрылған құжат сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес келуін растайтыны. Оның мәні құжатқа қол қойған лауазымды тұлға қолының дұрыстығы мен уәкіл етілген мемлекеттік органның мөрін куәландыруда. Консулдық заңдастыру куәландырудың бірқатарынан тұрады. Алдымен құжатты және аударманың дұрыстығын нотариуста куәландыру керек, содан кейін Әділет министрлігіне қаралып, нотариус қолының дұрыстығын куәландыру керек. Бұдан кейін СІМ консулдық қазмет департаментінде Әділет министрлігінің қолдар дұрыстығы куәландырылады. Біздің компаниямыз ТМД елдерінің аумағында құжаттар заңдастыруын іске асырады.

  • Тапсырысты ресімдеу