• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Deutsch
  • Белару́сский
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

Жедел аударма

Сізге құжаттарды шұғыл түрде аудару керек пе? Біз көмектесеміз! Біздің штаттағы аудармашылар аударманы санаулы минуттар мен сағаттарда жасап береді.

Жедел аудармабұл Сіздің уақытыңызбен қоса ілеспе процедураларға жұмсалатын  қаражатыңызды да үнемдейді, себебі құжаттарды жедел аудару көбінесе шетелге шығу және келісімшарттарды ресімдеу үшін қажет болады. Сөйтіп, қолыңызда жедел аударманы ұстаған болсаңыз, уақытыңызды босқа өткізбей өзіңіздің мәселелеріңізді тезірек шешетін боласыз.

Біз жедел аударманың мынадай түрлерін ұсынамыз:

30 МИНУТ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕСС-АУДАРМА
1 САҒАТ ІШІНДЕГІ АУДАРМА
БІР КҮНДЕ ЖАСАЛАТЫН АУДАРМА

30 МИНУТ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕСС-АУДАРМА – аударманың бұл түрі әдетте ықшам келетін жалпы тақырыптық сипаттағы немесе «бір сарынды» құжаттармен жұмыс жасағанда қолданылады, мысалы, баланың шетелге шығуына ата-анасының беретін келісімі, төлқұжатты, түрлі куәліктерді және т.с.с. аударғанда. Тапсырыс түскен кезде құжат тиісті тілге аударылу үшін аудармашыға беріледі. Аударма жасалып болған соң аударылған мәтінмен редактор-түзетуші жұмыс жасайды.

1 САҒАТ ІШІНДЕГІ АУДАРМА – аударманың бұл түрі ауқымды құжаттармен, атап айтқанда түйіндемелер, өтініштер, тұсаукесерлер, хаттар, ғылыми мақалалар, наразылық талаптар, сот көшірмелері, тестілік құжаттар, келісімшарттар, жарғылармен жұмыс жасаған кезде қолданылады.

БІР КҮНДЕ ЖАСАЛАТЫН АУДАРМА —аударманың бұл түрі күрделі болып келеді, ол көп бетті және тар шеңберде мамандандырылған құжаттармен, әсіресе техникалық және медициналық тақырыптағы мәтіндермен жұмыс жасаған кезде қолданылады.

Бұл жағдайда тапсырыс кешенді үйлесімді форматта орындалады, бұл кезде жұмысқа біруақытта барлық өндірістік бірліктер: аудармашы, редактор-түзетуші, беттеуші, үйлестіруші және т.с.с. қатыстырылады. Бұндай тәсілдеме сападағы жоғалтуларды азайтып қана қоймай, клиент тапсырысын бітіріп, оны тапсыруды тездетеді.

Жеделдік — бұл аударманы сапасы көңіл көншітпейтін мәтіндерді шығаратын автоматтандырылған бағдарламалар көмегімен жасауға сылтау бола алмайды; әрбір тапсырма аясында "GMC Translation Service" Аударма орталығының штаттағы қызметкерлері еңбек етеді.

Қызметкерлердің жоғары кәсіби құзыреттігі, мерзімдерді ұстану және қызметтер сапасының бұлжымас кепілдігі - "GMC Translation Service" Аударма орталығы қызметінің өзекті тұстары болып келеді.

Біздің Орталығымызда қолданылатын жедел аударманы жасау сұлбасы тапсырыс берушіге жоғары кәсіби деңгейде орындалған аударманы алуына жағдай жасайды. Мерзімдеріне қарамастан, құжат аудармасын тиісті мәтін тақырыбына маманданатын аудармашылар жасайды. Барлық, әсіресе жедел аудармалар мұқият редакторлық түзетуден өтеді.

Сондай-ақ біз  Сіздің тікелей қатысуыңызбен нотариаттық куәландырумен жасалатын жедел аудару, және де барынша қысқа мерзім ішінде құжаттарды заңдастыру мен апостильдеу қызметтерін көрсетеміз.