• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Deutsch
  • Белару́сский
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

Біздің артықшылықтарымыз

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:

  • Қысқа мерзімде үлкен көлемде: 7 күн ішінде 5000 бет;
  • Тапсырысты біздің кез келген кеңсемізде кез келген валютада төлеу мүмкіндігі;
  •  Біздің кеңселер: Бішкек, Мәскеу,  Алматы, Астана, Ташкент, Минск, Дубаи, Баку, Тбилиси, Гуанчжоу, Рига қалаларының орталықтарында орналасқан.
  • көпжылдық жұмыс тәжірибесі ішінде 1995 жылдан бастап біз 2 миллион беттен артық мәтінді аудардық, түрлі қызмет саласында орасан зор тәжирибе жинақталды.
  • шексіз аудармашылық ресурстар;
  • біз әлемнің 127 тілінде жұмыс жасаймыз, бұл шек емес, біз тілдер тізімін қуана кеңейтеміз және сізге кез келген экзотикалық тілдегі аударманы ұсына аламыз.
  •  Аударма саласында біз бәрін жасай аламыз! Бұны сеніммен айта аламыз. Кез келген тілден аудармалар, жазбаша және ауызша аудармалардың барлық түрі, веб-сайттар аудармалары, аудио- және бейнематериалдар аудармасы, көркем және ғылыми кітаптар — бұнын барлығын біздің компания кәсіби деңгейде орындайды.
  • Бізбен бірге мүлде жаңа www.mynumer.com тұғырнамасында жұмыс істеп: тұрақты 5 % жеңілдік алуға, алдын ала төлемсіз аударуға, Сіздің барлық тапсырыстарыңызды Сіздің профиліңізде сақтауға, басқа тапсырыстардан басымырақ жағдайға ие болу мүмкіндігіңіз бар.

Қосымша мүмкіндіктер:

Жеке-дара менеджер 

Бізге хабарласқан әрбір клиент өзінің жеке-дара менеджерімен өзара іс-қимыл жасайды. Іскерлік қатынастарды ұйымдастырудың бұндай тәсілі біздің әріптестікті ыңғайлы әрі өнімді ету үшін алынған.

 

 

 

 

Біз әлем шекарасын кеңейтеміз!

Біздің клиенттеріміз бұл - өз имиджінің мінсіз сақталудың қамын ойлайтын және берік серіктестік қатынастарды орнатуды қалайтын Қырғызстан, Казақстан, Өзбекстан, Латвия, Беларусь, Ресей мен шет елдердің іскер азаматтары болып табылады. Біз жаңа өрістерге ашықпыз және қол жеткізген жетістіктермен шектелмейміз. Біздің клиенттеріміз қатарында әлемге әйгілі көптеген ірі фирмалар мен танымал брендтер баршылық. Клиенттеріміздің барлығы орындалатын аудармалар сапасына, ұсынылатын қызметтердің тұрақты негізде болуына, сондай-ақ аударылатын ақпараттың құпия сақталуына жоғары талаптар қоюмен ерекшеленеді.  Біз болсақ, бізге білдірілген сенімді ақтау үшін қолдан келгеннін бәрін жасаймыз!

 

 

Бізде мол тәжірибе жинақталған әрі келешегіміз жарқын!
Біздің компания аударма нарығында көп жылдан бері жұмыс жасап келеді және біз біздің барлық қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігін сенімді түрде мәлімдей аламыз, олардың арасында өз ісінің асқан шеберлері: аудармашылар, редакторлар, үйлестірушілер, дизайнерлер, жобалар менеджерлері және т.б. бар. Біздің барлығымыз үздік білім алдық және баға жетпес тәжірибе жинақтап үлгердік.

Құпиялылық

Бізге жүгінген Тапсырысшы аудармалардың құпияда сақталуына және олардың қорғалуына сенімді бола алады, себебі біз Құпиялылық Шартын жасасамыз, ал ол ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді және онда клиентпен жұмыс жасаудың барлық шарттары, барлық құжаттама мен кез келген келіссөздер алдын ала қамтылған. Өңдеудің кез келген сатысында ешбір құжат ішкі ілеспелі тіркеу құжаттарынсыз өтпейді. Бұл шара құпиялылықты ғана емес, аударуға тапсырылған барлық материалдардың да сақталуын қамтамасыз етеді.

Әрбір клиентке ыңғайлы болу үшін: 

  • онлайн режимде жұмыс жасаймыз: тапсырысты қабылдау, жөнелту және төлеу;
  • біз заңды және жеке тұлғалармен де жұмыс жасаймыз;
  • демалыс және мереке күндері жұмыс жасаймыз — алдын ала келісумен;
  • Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген төлеу жүргізу тәсілін таңдай аласыз:  Visa, Master Card, банк аударымы, Золотая Корона, WebMoney, PayPal ақша аударымдары;

Жеделдік

Біз уақыт ақшаға пара-пар келетінің жақсы түсінеміз. Біздің қызметкерлер мәселелерді жедел түрде шешу үшін әрқашан дайын. Біз ең шұғыл тапсырысты қабылдауға әрқашан әзірміз. «GMC Translation Service» Аударма орталығы үлкен көлемдегі аудармаларды шұғыл орындау үшін жеткілікті ресурстар мен техникалық мүмкіндіктерге ие. Компания қызметкерлері жұмысты әрқашан да уақытында орындайды, бұл ұйымдасқан, жүйелендірілген және тексерістен өткен қызметкерлердің командалық жұмысының, материалды ерекше өңдеудің жемісі болып табылады.

Сапа.

Ұсынылатын қызметтердің сапасы біз үшін біздің жұмысымыздың ең маңызды факторы болып келеді, оған бір жағынан, әріптестікке тартылатын қызметкерлер мұқият іріктеуден және тексерістен өткізілетіндіктен, екінші жағынан әрбір тапсырыстың сапалы орындалуы бақыланатындықтан қол жеткізіледі. Әріптестікке тартылатын аудармашылардың біліктілік деңгейін іріктеу мен тексеру процесінде біз өзіміздің тәжірибеміз мен білімімізді пайдаланып қана қоймай, аударма тілі өздері үшін ана тілі болып табылатын және өз елдерінде орыс тілінің аудармашысы болып келетін адамдарды да қатыстырамыз.